KZO Life: Қызылорданың тынысын танытатын жаңа медиа алаң

Қызылорданың тыныс-тіршілігін, мәдениеті мен тарихын, қаладағы жарқын жаңалықтарды көпшілікке ұсынып жүрген KZO Life үшін жаңа белес басталды. 5 қазанда медианың жаңа сайты таныстырылып, жоба кросс-платформа ретінде жұмысын бастады.
KZO Life 2024 жылы Instagram парақшасы ретінде құрылып, бүгінде оның аудиториясы 48 мыңға жуық оқырманға жетті. Енді Қызылорданың жаңалығы мен тыныс-тіршілігі әлеуметтік желімен шектелмей, арнайы сайт арқылы да кеңінен қамтылады.
KZO Life – Astana Life, Turkistan Life, Abay Life, Shygys Life және Zhez Life платформаларын біріктіретін “Kozildirik Media Group” компаниясының бір бөлігі.
Жаңа сайт – Қызылорданың бүгінін көрсетіп, тарихы мен мәдениетін дәріптеп, өңірдің жақсы жаңалықтарын кең аудиторияға жеткізетін ақпараттық алаң болмақ.



