Қазақ әдебиетінің алып тұлғасы, ұлы жазушы, ғалым әрі драматург Мұхтар Әуезовтің туғанына 129 жыл

Қазақ руханиятының темірқазығына айналған Мұхтар Омарханұлы Әуезов – ұлт әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген біртуар тұлға.
Ол тек жазушы ғана емес, қазақ халқының жадын жинақтаған ғалым, ұлт болмысын сахнада сөйлеткен драматург, тарихымызды көркем сөзбен хаттаған шежіреші.
Әлем мойындаған ұлы туынды – «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, дүниетанымын, қуанышы мен қасіретін күллі әлемге танытты. Бұл шығарма – қазақтың паспорты іспетті.
✍🏻 Әуезовтің әрбір шығармасы – терең ой, өткір шындық, ұлтқа деген шексіз махаббат.
Оның «Қараш-қараш», «Қилы заман», «Абай», «Еңлік-Кебек» сынды туындылары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай, оқырманды ойлантып, ұлттық құндылықтарды тануға, рухани түлеуге жетелейді.
Мұхтар Әуезовтің мұрасы – уақытпен өшпейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани қазына. Ұлы тұлғаны еске алу – ұлт тарихын ұлықтау.
Ұлылар ұмытылмайды!



