Заң

Ескі көпір ережесімен таныссыз ба?

Абай облысы, Семей қаласындағы тарихи ескі көпір тамыз айында толық жөндеуден өтіп, қайта ашылды. Жөндеу кезінде ескі асфальт жабыны алынып, орнына жаңа, сапалы тас-мастикалық асфальт төселді. Сонымен қатар жол белгілері орнатылып, бағыттаушы сары жолақтар сызылды.

Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қозғалысы қалыпты жүріп жатыр. Дегенмен жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арналған жаңа ережелер енгізілді:
• Жолдағы ең жоғары жылдамдық — 60 км/сағ;
• Қозғалыс тек бір бағытта жүреді;
• Озу мен жол үстінде тоқтауға тыйым салынады;
• Көліктер арасында кемінде 30 метр арақашықтық сақталуы тиіс;
• Ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған.

Бұл талаптар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апаттың алдын алуға бағытталған.

Бүгінде ескі көпір — Семейдің жаңарған келбетін, қозғалыс мәдениетін және қала қауіпсіздігін бейнелейтін нысан.
Қалаға жолыңыз түссе, ескі көпірден өткенде жаңа ережелерді біле жүріңіз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button