Басты жаңалықЗаң

Заңмен ойнаған жүргізуші

Абай облысында «Қауіпті жүргізуші» шарасы кезінде жалған нөмірмен жүрген көлік ұсталды.

«Сергек» камералары күдік тудырған автокөлікті байқап, ақпарат патрульдік полицияға жеткен. Полицейлер көлікті тоқтатып, айып тұрағына қойды.

Тексеру кезінде көліктегі нөмірлердің жалған екені анықталды. Сонымен қатар жүргізушінің сақтандыру құжаты да болмаған.

43 жастағы жүргізушіге екі құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция департаменті жүргізушілерге заң талаптарын сақтап, жалған нөмір қолданбауды ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button