Басты жаңалық

Енді қазақстандықтар 30 тамыз күні демалмайды

Қазақстанда 30 тамыз бұдан былай демалыс күні болмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтты.

Себебі жаңа Конституция қабылданып, оның күні өзгерді. Енді Ата заң күні 15 наурызда атап өтіледі.

Жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Осыдан кейін бұрынғы Конституция өз күшін жояды.

Ал 15 наурыз — ресми түрде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып белгіленеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button