Басты жаңалық

Мақаншы ауданында екі өрт оқиғасы тіркелді

Абай облысының Мақаншы ауданында құрғақ шөп пен қамыстың жануына байланысты екі өрт оқиғасы тіркелді. Өрт кезінде полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп, жергілікті тұрғындар мен олардың малын қауіпсіз жерге көшіруге көмектесті.

Алғашқы өрт 19 қазанда Қабанбай ауылынан 15 шақырым қашықтықта болған. Жалын қамысты-батпақты алқаптың 1500 гектар аумағын шарпыған. Өрт 21 қазанда толық сөндірілді.

Екінші өрт 25 қазанда сағат 13:40-та «Ғарыш Сапары» АҚ-ның геосервисі арқылы жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Өрт ошағы Қабанбай ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан. Құрғақ шөптің жану аумағы 60 гектарды құрады. Сол күні сағат 21:11-де өрт толық сөндірілді.

Өртті сөндіру жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері тұрғындармен байланыс орнатып, қалыптасқан жағдайды түсіндірді. Сондай-ақ эвакуацияның ықтимал бағыттарын көрсетіп, шаруашылық иелерімен бірге малды қауіпсіз аймаққа айдауға көмектесті.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Мақаншы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция бөлімінің қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button