Басты жаңалық

Абай облысында 80-нен астам азамат мемлекеттік награда алды

Абай облысында Республика күніне орай өңірдің дамуына үлес қосқан 80-нен астам азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Салтанатты шара Семей қаласындағы Абай кітапханасында өтті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли қатысты.

Аймақ басшысы тұрғындарды ұлттық мерекемен құттықтап, адал еңбек пен елге қызмет етудің маңызын атап өтті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің оқытушысы Нұрлан Көшеров «Парасат» орденімен марапатталды. Сегіз азамат «Құрмет» орденіне ие болды. Ал үш тұрғын III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды.

Сондай-ақ өңірдің түрлі саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары табысталды. Бірқатар азамат «Мемлекеттік қызмет ардагері» және «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Марапат иелерінің қатарында жұмысшы мамандықтарының өкілдері, ұстаздар, дәрігерлер, кәсіпкерлер, мәдениет және мемлекеттік қызмет саласының қызметкерлері бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button