Спорт

Төрт қазақстандық боксшы әлем чемпионатында алтынға таласады

Жасөспірімдер арасындағы U19 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп жатыр.

Жартылай финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша отандастарымыздың төртеуі финалға шығып, алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.

Шешуші жекпе-жектерде ел намысын Әлина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Аширбай (70 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) қорғайды.

Финалдық жекпе-жектер алдағы күндері өтеді. Айта кетейік, бұған дейін тағы төрт қазақстандық боксшы жарысты қола медальмен аяқтаған болатын. Үшінші орынға Мәдира Жұмахан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі) және Еркетан Жарқынбек (90 келі) ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы U19 әлем чемпионатын кем дегенде 8 медальмен аяқтайды, оның төртеуі алтын болуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button