Басты жаңалықСпорт

«Абай салбурыны–2025» жеңімпаздары

Абай облысында өткен «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өз мәресіне жетті. Дәстүрлі құсбегілік өнері бойынша өткен сайысқа еліміздің бірнеше өңірінен саятшылар қатысты. Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар үш санат – бүркіт салу, ителгі салу және қаршыға салу бойынша белгіленді.

Бүркіт салу

  • 1-орын: Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
  • 2-орын: Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы)
  • 3-орын: Әбдікерім Түсей (Жетісу облысы)
  • 3-орын: Сембаев Бауыржан (ШҚО)

Ителгі салу

  • 1-орын: Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы)
  • 2-орын: Төлегенұлы Темірәлі (Қарағанды облысы)
  • 3-орын: Оспанқұлов Таңат (Қарағанды облысы)
  • 3-орын: Әлімқақов Мирас (ШҚО)

Қаршыға салу

  • 1-орын: Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
  • 2-орын: Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
  • 3-орын: Бекниязова Айсулу (Алматы қаласы)
  • 3-орын: Жандыкеев Айдос (ШҚО)

Турнир барысында құсбегілердің шеберлігі, құстарды баптау тәсілдері және аңшылық мәдениеті сарапқа салынды. «Абай салбурыны – 2025» жарысы дәстүрлі ұлттық өнерді дамытуға және жас құсбегілерді қолдауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button