Басты жаңалық

Крещение түніндегі шомылу: қауіпсіздік басты назарда

Абай облысында Крещение мерекесі кезінде жаппай шомылу үшін 6 арнайы орын белгіленді. Арнайы жабдықталмаған мұз ойықтарына түсуге қатаң тыйым салынады.

ТЖД мәліметінше, 18-нен 19-ына қараған түні қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 43 құтқарушы, медицина және полиция қызметкерлері кезекшілік атқарады. Шомылу орындары Семей, Курчатов қалаларында және Бесқарағай, Бородулиха, Үржар аудандарында орналасқан.

Мамандар азаматтарды тек ресми бекітілген орындарда шомылып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button