Басты жаңалық

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға облыстық басқарма басшылары мен Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қатысты.

Тұрғындар тұрғын үймен қамту, жол жөндеу, жер телімдерін рәсімдеу және жайылымдық жерлерді пайдалану мәселелерін көтерді.

Аймақ басшысы азаматтардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын заң аясында түсіндірді. Жауапты басқарма басшылары мен қала әкіміне нақты тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелер жеке бақылауға алынатыны айтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button