Семейде қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

Семей қаласында Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында қала әкімінің атынан балаларға арналған дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқу, спорт, өнер және қоғамдық өмірде белсенділігімен көзге түскен дарынды өрендер қатысты.
Шара барысында шығармашылық сарай қызметкерлері мен балалар ұжымдары дайындаған театрландырылған қойылым көрермен назарына ұсынылды. Одан кейін балалар Аяз Ата мен Ақшақармен бірге ән айтып, би билеп, жаңа жылдық көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Іс-шара соңында қала әкімінің атынан барлық қатысушы балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.



