Басты жаңалық
Қала орталығы жаңаша кейіпке енеді

Семейдегі орталық алаң қайта жаңғыртылып, абаттандырылады. Жоба 2026 жылдың мамыр айында басталып, қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған.

Жұмыстар 4,2 гектар аумақты қамтиды. Алаңда жаңа жабындар төселіп, көгалдандыру жүргізіледі. Сонымен қатар су айдындары мен демалыс аймақтары пайда болады.

Жобаның бас мердігері – «GM company» ЖШС.



