АҚШ қазақстандықтарға иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі 21 қаңтардан бастап бірқатар ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатады. Бұл шешім Қазақстан азаматтарына да қатысты. Ақпаратты АҚШ Мемлекеттік департаменті 14 қаңтарда ресми түрде жариялады.
Reuters агенттігінің мәліметінше, шектеу енгізілген елдер қатарында Қазақстанмен бірге Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Молдова, Беларусь, Грузия, Ресей, Пәкістан, Өзбекстан және Иран бар.
Мамандардың түсіндіруінше, шешім тек иммиграциялық визаларға қатысты. Яғни АҚШ-та тұрақты тұруға мүмкіндік беретін визалар уақытша берілмейді. Ал туристік, студенттік және халықаралық спорттық іс-шараларға арналған визалар бұрынғы тәртіппен рәсімделе береді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл қадамды әлеуметтік және мемлекеттік жеңілдіктерді негізсіз пайдаланудың алдын алу мақсатында қабылданғанын хабарлады. Ведомство өкілдері иммиграция талаптарына сай келмейтін азаматтардың АҚШ қоғамына экономикалық жүктеме түсіруі мүмкін екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта АҚШ билігі иммиграциялық визаларды қарастыру тәртібін қайта қарауда. Визаларды беру қашан қайта жандандыратыны әзірге нақты айтылған жоқ.



