Басты жаңалық

Сарбаздарға психологиялық қолдау күшейтілді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде сарбаздардың психологиялық саулығына ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта стрестік белгілерді ерте анықтау тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға әскери психологтар мен Әлихан Бөкейхан университеті оқытушылары қатысты. Биыл өңірге келген екі мыңнан астам сарбаздың 200-ден астамы психологтардың бақылауына алынған.


Мамандар стресті ерте анықтау үшін тестілеу мен әңгімелесу әдістерін қолданады. Мұндай жұмыстар сарбаздардың бейімделуіне, тәртіпті нығайтуға және ұжымдағы ахуалды жақсартуға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button