Басты жаңалық
Оқытудан гөрі заңбұзушылық көп

Автомектептерге жүргізілген тексеріс нәтижесінде 701 оқу тобының жұмысы тоқтатылды. Қазіргі таңда елде 727 автомектеп жұмыс істейді.
Тексеру барысында автодромдарда жол белгілері мен жарықтандырудың жеткіліксіз екені, кейбір көліктердің ақаулы екені анықталды.
Сонымен қатар 59 оқу ұйымы техникалық тексеруден өтпеген және сақтандыруы жоқ көліктерді пайдаланған.
Осыған байланысты ІІМ 701 оқу тобының қызметін тоқтатты.



