Басты жаңалық

Спорт мектептері жаттықтырушыларының жалақысы өседі

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Құжат аясында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі (БЖСМ) жаттықтырушы-оқытушылардың еңбекақысын арттыру көзделген. Енді олардың жалақысы лауазымдық айлықтың 30%-ы мөлшерінде өседі.

Қосымша төлем біліктілік тестілеуінен өткен және оқу-жаттығу процесін ұлттық стандарттарға сай жүргізетін мамандарға беріледі.

Қазіргі таңда елімізде 526 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 15 мыңнан астам жаттықтырушы еңбек етеді. Ал бұл мектептерде 398 мыңнан астам бала спортпен шұғылдануда.

Бұл өзгеріс балалар спортын дамытуға және жаттықтырушылардың еңбегін қолдауға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button