Басты жаңалық
Желден туған жаңа жоба

Абай облысында қуаты 1 ГВт болатын жел энергиясын өндіру жобасы жүзеге асырылмақ. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли мен «Zhongwei Xinneng» компаниясының бас директоры Ян Соцзюнь осы бағыттағы меморандумға қол қойды.
Инвестиция көлемі 880 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба аясында энергетикалық инфрақұрылым жаңарып, 300–500 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар жұмысты үйлестіру үшін бірлескен жұмыс тобы құрылатын болады.



