Басты жаңалық

Медицинада байқалмайтын мәселе бар ма?

Әр үшінші адам дәрігерге жүгінетіндей жүктеме. Абай облысындағы медицина жүйесінің бүгінгі көрінісі – дәл осындай.

2026 жылдың алғашқы тоқсанында стационарлық ем алғандар саны 33 мыңнан асқан. Ал күндізгі стационар арқылы 8,8 мыңға жуық адам ем қабылдаған. Бұл медициналық қызметке сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Жұқпалы аурулар бойынша 5,7 мыңнан астам жағдай тіркелген. Сонымен қатар 36 мыңнан астам адам скринингтен өтіп, 1,5 мыңға жуық науқаста ауру ерте кезеңде анықталған. Балалар өлімі көрсеткіші де 7,7‰-ден 4,7‰-ге дейін төмендеген.

Саладағы жағдайға тоқталған басқарма басшысы медициналық көмектің көлемі артқанын, сонымен бірге жүйеге түсетін жүктеме де күшейгенін айтты.

«Көрсеткіштер тұрақты. Бірақ сұраныс артқан сайын кадр мен инфрақұрылымға түсетін қысым да көбейеді», – деді Талғат Молдабеков.

Инфрақұрылым бойынша соңғы жылдары 60-тан астам медициналық нысан салынған. Ал алдағы кезеңде жаңа ауруханалар мен қан орталығының құрылысы жоспарланған.

Сонымен қатар өңірде шамамен 30 дәрігер жетіспейді. Әсіресе тар бейінді мамандарға сұраныс жоғары.

Жалпы, жүйе жұмыс істеп тұр. Бірақ жүктеме артқан сайын оны ұстап тұру үшін нақты шешімдер қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button