Басты жаңалық

Қала әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 19 тұрғын қатысып, өзекті мәселелерін жеткізді.

Кездесу барысында тұрғын үй саласы, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық көлік қызметі және абаттандыру бағытындағы ұсыныстар айтылды.

Қала басшысы әрбір мәселе назарға алынатынын атап өтіп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін Тәнірберген көшесі, 1 мекенжайындағы №112 кабинетке немесе Достоевский көшесі, 110 мекенжайындағы №7 кабинетке барып, өтініш қалдыруға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button