Басты жаңалық

Гүл күтімі туралы не білеміз

Гүл күтімі туралы жиі айтылады, бірақ солып, басын төмен түсірген гүлді қайта тірілтудің нақты әрі тиімді әдісін екінің бірі біле бермейді. Көп жылдан бері гүл сатумен айналысып жүрген маман ерекше, тәжірибесімен бөлісті.

Маманның айтуынша, өліп бара жатқан гүлге «екінші өмір» сыйлаудың ең қарапайым, бірақ нәтижелі жолы — ыстық және суық суды алмастырып қолдану.

Алдымен гүл сабағын 4-5 минут ыстық суға салу қажет. Жеткілікті деңгейде ыстық болғаны дұрыс. Сабағын ыстық суға батырып, үстін жауып қою қажет. Бұл процесс сабақты жұмсартып, ішкі арналарын ашып, судың жақсы өтінуіне көмектеседі. Сосын ыстық судан алып, бетін ашамыз. Гүл бірнеше минут ішінде «сергіп», аздап тіктеле бастауы мүмкін. Одан кейін сабағын қиғаштап кесіп, суық суға салу қажет. Қиғаш кесу — судың тез әрі мол сіңуіне мүмкіндік береді. Соңында салқын су құйсаңыз жеткілікті. Бұл әдіс гүлге жаңа «дем» беріп, оның тіршілік процесін жандандырады.

Маманның сөзінше, гүлге жасалатын шағын «операция». Көп жағдайда осы тәсіл солып тұрған гүлді қайта қалпына келтіріп, бірнеше сағат ішінде тірілтіп жібереді. Гүл күтімінде мұндай нәзік әдістердің рөлі ерекше.

Жиі гүл сыйлауды әдетке айналдырыңыз. Дәл қазір жақыныңызға гүл алып, себепсіз қуантыңыз

Басқа жаңалықтар

Back to top button