Наурыз қарсаңында 18 отбасы баспаналы болды

Абай ауданында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында 18 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Қуанышты оқиға аудан орталығы Қарауыл ауылында өтті.
Көп жылдан бері бос тұрған үш қабатты тұрғын үй облыс әкімі Берік Уәлидің қолдауымен қайта жаңғыртылып, мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды.
Салтанатты кілт табыстау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысып, аймақ басшысының құттықтауын жеткізді. Ол қоныс иелеріне ақжарма тілегін арнап, бұл бастаманың әлеуметтік маңызына тоқталды.
Жаңа тұрғын үйден 1 бөлмелі 5 пәтер, 2 бөлмелі 11 пәтер және 3 бөлмелі 1 пәтер иелеріне берілді. Барлық баспана заманауи талаптарға сай жөндеуден өтіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған.
Айта кетейік, өңірде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып келеді.
Дереккөз:Абай облысы әкімінің баспасөз қызметінен



