Басты жаңалық

Салықты кешіктіру қымбатқа түсуі мүмкін

Бүгіннен бастап көлік салығын уақытында төлемеген азаматтарға өсімпұл қосылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Еске салайық, 2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 31 наурызға дейін белгіленген болатын. Салық сомасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес есептеледі.

Мамандардың айтуынша, егер салық берешегі 10 мамырдан кейін де өтелмесе, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады. Атап айтқанда, борышкерлердің банктік шоттарына және мүлкіне шектеу қойылуы мүмкін.

Көлік салығына қатысты барлық ақпаратты eGov порталынан немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button