Басты жаңалық

Семей көшелері тазартылып жатыр

Семей қаласында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, шаһар аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Сенбілік барысында көшелер мен жол жиектері тазартылып, жиналған қоқыстар шығарылып жатыр. Сонымен қатар, заңсыз қоқыс орындарын жою және қала аумағын ретке келтіру жұмыстары қолға алынған.

Тазалық шарасына коммуналдық қызмет мамандары, мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысуда.

Қала әкімдігі семейліктерді тазалық акциясына белсенді атсалысуға шақырды. Мамандардың айтуынша, қаланың тазалығы мен көркі әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты.

Таза әрі жайлы қала қалыптастыру – ортақ міндет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button