Тоқаев: Зайырлылық нормалары күшейтілуі тиіс

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциядағы зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтап қана қоймай, күшейте түсу қажеттігін айтты.
Президенттің сөзінше, Ата заң заман талабына сай болуы тиіс. ХХІ ғасырдағы жедел цифрландыру үдерісі адамның күнделікті өміріне, құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер етіп отыр. Осыған байланысты цифрландырудың институционалдық-құқықтық негізі Конституцияда нақты көрініс табуы қажет.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы азаматтардың дербес цифрлық деректерін заңмен қорғау нормасы Ата заңда айқын жазылуы тиіс екенін атап өтті.
Президент пікірталас нәтижесінде конституциялық реформаның жалпы сұлбасы қалыптасқанын айтып, халық қолдаса, Қазақстан мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңіне қадам басатынын жеткізді.



