Басты жаңалық

Инфрақұрылымдық жобалар өңірдің дамуына жаңа мүмкіндік ашады

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Айдар Ибраевтың Президент Жолдауына қатысты пікірі


Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауынтыңдадық. Онда еліміздің алдағы дамуына қатыстымаңызды міндеттер көтерілді. Соның ішінде құрылыс, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, қалалардыжаңғырту және заңнаманы жетілдіру мәселелері ерекшеназар аудартады. Менің ойымша, бұл бағыттардың барлығыхалықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірлердіңмүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Президенттің 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау туралы ұсынысы өңірлер үшін маңызды. Жолдарды жөндеу, медициналық мекемелер салу, балаларға арналған оңалту орталықтарын ашу – халықтыңкүнделікті өміріне тікелей әсер ететін жұмыстар. Еңбастысы, салынған нысандар сапалы болып, тұрғындардыңнақты қажеттіліктеріне жауап беруі керек. Өйткені әрбіротбасы үшін қолжетімді медициналық көмек, қауіпсіз орта және қолайлы өмір сүру жағдайы маңызды.

Абай облысы үшін көлік-логистика инфрақұрылымындамыту да ерекше мәнге ие. Өңіріміздің Қытаймен шектесуітранзиттік мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жол ашады. Әсіресе, «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысыҚазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалынарттырып, өңір экономикасының дамуына ықпал етуімүмкін. Мұндай жобалар кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндікберіп, жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті өнімөндірушілердің нарыққа шығуына жағдай жасайды.

Меніңше, инфрақұрылымды дамыту тек жаңа нысандарсалумен шектелмеуі керек. Президенттің қалаинфрақұрылымының цифрлық сыңарын әзірлеу туралытапсырмасы да маңызды. Қалалық ресурстарды тиімдібасқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тазалық пен жайлылықты арттыру – тұрғындар үшін қажет өзгерістер. Бұл міндеттер «Таза Қазақстан» тұжырымдамасыныңмақсаттарымен де үндеседі.

Жолдауда көтерілген тағы бір маңызды мәселе – жаңаАзаматтық кодекс қабылдау. Қолданыстағы кодекс өткенғасырдың 90-жылдарында қабылданғандықтан, оны қазіргіқоғамдық және экономикалық қатынастардың талаптарынасәйкестендіру қажеттігі туындап отыр. Жаңа құжатазаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, заңнормаларын түсінікті етуге және құқықтық қатынастардызаман талабына сай реттеуге бағытталуы керек депсанаймын.

Жалпы, Президент Жолдауында көтерілген міндеттеруақыт талабына сай және өңірлердің дамуы үшін маңызды. Құрылыс, логистика, қалалық инфрақұрылым мен заңнаманы жаңарту – бір-бірімен сабақтас бағыттар. Еңбастысы, жоспарланған жұмыстар сапалы жүзеге асып, нақты нәтижесі халыққа жетуі керек. Өйткені елдің дамуыең алдымен азаматтардың тұрмысынан, мүмкіндіктеріненжәне күнделікті өміріндегі оң өзгерістерден көрінеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button