Басты жаңалықБілім

Балабақша білімін дамыту жолдары қаралды

Абай облысында «Ұлттық құндылықтар негізінде мектепке дейінгі білім беру» атты республикалық семинар-практикум өтті. Іс-шараны Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды дамыту институты мен облыстық әдістемелік орталық ұйымдастырды.

Семинар барысында балабақша, мектеп және колледж арасындағы серіктестік тәжірибелері таныстырылып, заманауи технологияларды ұлттық құндылықтармен ұштастыру жолдары қарастырылды. Қатысушылар құзыреттілік орталықтарының жұмысын көріп, инновациялық ойындар көрмесіне қатысты.

Педколледж базасында «STEM лабораториясы», «Мектепке дейінгі Hub» және зерттеу орталықтарының жобалары ұсынылды. Пленарлық отырыста мектепке дейінгі білім сапасын арттыруға арналған баяндамалар тыңдалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button