Басты жаңалық

Абай облысында мүгедектігі бар адамдар арасында байқау өтеді

Абай облысында Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай мүгедектігі бар азаматтар мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет алушылары арасында байқау ұйымдастырылады. Іс-шараны облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы өткізеді.

Байқау 2026 жылғы 5 желтоқсанда өтеді. Қатысушылар өз өнерлері мен қабілеттерін онлайн және офлайн форматтарда көрсете алады.

Онлайн форматтағы бағыттар:

  • вокалдық орындаушылық (ән айту);
  • хореографиялық өнер (би);
  • шығармашылық жұмыстар мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі.

Офлайн форматтағы бағыттар:

  • қол күресі (армрестлинг);
  • тоғызқұмалақ;
  • дойбы;
  • бочча спорттық ойыны.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 25 қазан мен 15 қараша аралығында қабылданады. Өтінімді Google формасы арқылы жіберуге болады.

Қатысушылар 16–24 қараша аралығында дайындалған байқау материалдарын осы Google формасына жүктеуі немесе ukzsp.kantselyariya@akimatabai.gov.kz электрондық поштасына жолдауы қажет.

Офлайн жарыстар 5 желтоқсанда Семей қаласы, Қарағайлы көшесі, 109 мекенжайындағы Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында өтеді.

Байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі де осы күні Семей қаласында ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button