Коммуналдық қызмет бағасы уақытша көтерілмейді

2025 жылдың 16 қазаннан бастап Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге мораторий енгізілді. Бұл шешім Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданып, халықтың тұрмысын қорғау және бағаның өсуін тежеу мақсатында қолға алынды.
Мораторий электр және жылу энергиясы, ауыз су, кәріз және газ қызметтерінің тарифтеріне қатысты. Бұл қызметтер бойынша бағаның өсуі уақытша тоқтатылады.
Шектеу 2026 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.
Мораторийдің басты мақсаты – тұрғындардың қаржылық жүктемесін жеңілдету, инфляцияны тұрақтандыру және әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдау.
Осы кезеңде Үкімет пен жауапты органдар коммуналдық кәсіпорындардың тариф талаптарын сақтауын қадағалап, олардың шығындарын азайту және жұмыс тиімділігін арттыру шараларын жүргізеді.
Мораторий аяқталғаннан кейін тарифтерді өзгерту мәселесі елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып қайта қаралады.



