Басты жаңалық

Қоқысқа орын табылды: жаңа полигон құрылысы басталды

Абай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы басталды.

Құрылысты түркиялық «Maхimsan A.T.S ST» ЖШС жүргізеді. Жоба құны – 8 млрд теңге. Полигонның қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау қуаттылығы – жылына 300 мың тонна. Сұрыптау цехының жылдық өнімділігі – 75 мың тонна. 

Жоспар бойынша нысан 2027 жылдың ІІ тоқсанында пайдалануға беріледі.

Аймақ басшысы құрылыс алаңын көріп, мердігерлерге жұмысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. 

«Бұл жобаның Семей қаласы үшін маңызы зор. Жаңа полигон іске қосылғаннан кейін облыс орталығындағы қалдықтарды басқару жүйесі жаңарып, экологиялық ахуал айтарлықтай жақсарады», — деді облыс әкімі. 

Полигон Семейден 16 шақырым жерде орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button