Басты жаңалық
Конституция жобасы: қоғам мен мемлекеттің жаңа даму кезеңі

Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің дамуындағы стратегиялық міндеттерге толық жауап беретінін атап өтті.
Құжат еліміздің конституциялық негіздерін нығайтуға бағытталған. Ұсынылған жаңашылдықтар адам құқықтарын қорғауды күшейтіп, Конституцияға негізделген құқық үстемдігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар қалыптастырады.

Жоба ережелері «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай әзірленіп, елдің одан әрі дамуы үшін мызғымас институционалдық негіз қалыптастырады.


