Спорт

Семей қарқыны қарсыласқа мүмкіндік бермеді

Семей футзал клубы Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңін сәтті аяқтап, турнир кестесінде жоғары орындардың бірінен көрінді. Команда маусым бойы тартымды ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлер сенімін ақтады.

33–34 тур аясында семейліктер «Ақтөбе» клубымен кездесіп, екі матчта да айқын басымдық танытты. Алғашқы ойында қарсыласын 9:0 есебімен ірі жеңіліске ұшыратса, екінші кездесуде 6:3 есебімен басым түсті. Бұл нәтижелер команданың қазіргі бабында екенін көрсетті.

Енді семейлік клубты алда чемпионаттың шешуші кезеңі – плей-офф ойындары күтіп тұр. Мамыр айында өтетін кездесулерде команда жүлделі орындар үшін күреседі.

Оған дейін семейліктерді жауапты ойындар күтіп тұр. 3–4 сәуір күндері «Атырау» клубымен кездеседі. Бұдан кейін «Сарыарқа» (Қарағанды) және «Қайрат» секілді мықты қарсыластармен ойнайды. Тұрақты кезеңнің соңғы матчтары Ақтаудың «Каспий» клубына қарсы өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button