Спорт
Елена Рыбакина ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина BNP Paribas Open WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
Отандасымыз турнирдің 1/8 финалында Ұлыбритания өкілі Сонай Карталмен кездесті. Матч барысында Рыбакина сенімді ойын көрсетіп, алғашқы сетте 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші партияда есеп 4:3 болып тұрған сәтте британиялық теннисші жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмайтынын мәлімдеп, матчтан бас тартты.
Осылайша Елена Рыбакина келесі кезеңге өтіп, турнирдің ширек финалында өнер көрсетеді.



