Басты жаңалық
Семейде жаңа стадион құрылысы басталды

Абай облысының құрылыс басқармасының тапсырысымен Семей қаласында 24 651 орындық жаңа стадион салынуда. Жобалау жұмыстарын «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС атқаруда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «ВД Строй-инжиниринг» ЖШС жүзеге асырады.
Жер телімінің ауданы — 20 гектар. Қазір аумақ қоршалып, инженерлік желілерді көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жоба аймақ спортын дамытуға арналған маңызды нысандардың бірі болмақ.



