Басты жаңалықМәдениет

Астанада концерттік ұйымдарды дамытуға арналған республикалық отырыс өтті

5–6 желтоқсан күндері Астанада «Жаңа дәуір талаптарына бейімделу: концерттік ұйымдардың даму моделі» тақырыбында жалпы республикалық отырыс ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәдениет басқармаларының басшылары, концерттік ұйымдар мен филармониялардың директорлары қатысты.

Екі күндік жиын барысында концерттік ұйымдардың жаңа жағдайдағы қызмет форматы, креативті индустриялармен интеграция, көрерменмен байланыс орнату және салалық менеджментті жетілдіру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, заңнамалық өзгерістер, фонограмма қолдану тәртібі, шығармашылық қызметкерлердің мәртебесін арттыруға қатысты жаңалықтар таныстырылды.

Отырыста өңірлік ұйымдардың табысты тәжірибелері, музыкалық мұраны цифрландыру, филармонияларды креативті хабтарға айналдыру, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мәселелері талқыланды. Абай облысынан Бауыржан Мұстафин, Жасұлан Кәсілов және Қарақат Атаханова қатысып, жаңа талаптар мен ұсыныстармен танысты.

Іс-шара соңында концерттік ұйымдар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, Астана қаласының мәдениет мекемелерінің жұмысымен танысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button