Басты жаңалық
Семей көшелері енді жарқырайды

2026 жылы қала бойынша шамамен 100 көшеге жарық орнату жоспарлануда.
Қазір қала бойынша көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілуде. 14-шағын аудан аумағында Титов және Пожарная көшелері, сонымен қатар Акмолинская көшесі бойында жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды. Аталған аумақтарда барлығы шамамен 70 жарық бағанасы орнатылды.
Лодочная, Амбулаторная және Ш. Уәлиханов көшелерінде де көше жарығын орнату жұмыстары атқарылды. Жаңа жарық шамдары тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.



