Ауыл тұрғындарына арналған «100 қой» жобасы ұсынылды

Ауылда бұрыннан тұратын тұрғындардың елді мекеннен көшіп кетпеуін қолдау мақсатында «100 қой» жобасын жүзеге асыру ұсынылды. Жоба ауыл тұрғындарын мал шаруашылығына тартуға және олардың тұрақты табыс табуына мүмкіндік беруді көздейді.
Ұсынысқа сәйкес, жоба аясында қойды әкімдік емес, ауылдағы малы көп фермерлер береді. Қой алған азаматтар оны өсіріп, жыл сайынғы төлін 50/50 қағидаты бойынша қайтарып отыруы тиіс. Яғни алынған малдың төлі екі тарап арасында тең бөлінеді.
Жоба шарты бойынша, қой алған адам кемінде екі жыл ішінде бастапқыда алған 100 қойды төлімен бірге толық қайтарып бере алады. Осыдан кейін алғашқыда берілген 100 қойды өз атына рәсімдеуге мүмкіндік алады. Ол уақытқа дейін қой ресми түрде оны берген фермердің атында болады.
Бұл жоба көбіне ауылда тұратын, шаруашылық жүргізе алатын, сенімді азаматтарға ұсынылады. Яғни қой көбінесе танитын, мал бағу тәжірибесі бар ауыл тұрғындарына беріледі. Ал бейтаныс адамдарға мал беру қарастырылмайды.



