Басты жаңалық
Жаңа Құрылыс кодексі 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, жаңа кодекс биыл 9 қаңтарда қабылданған. Құжат аясында құрылыс саласына қатысты 138 нормативтік-құқықтық акті өзектендірілмек.
Жаңа кодекс құрылыс саласына цифрлық технологияларды кеңінен енгізуді, сондай-ақ нысандардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтуді көздейді. Сонымен қатар лицензияларды электронды түрде тексеру жүйесі іске қосылып, инженер мамандарды кезең-кезеңімен сертификаттау енгізіледі.
Бұдан бөлек, халықаралық стандарттарға сәйкес Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады. Ал құрылыс жобалары міндетті түрде сараптамадан өтеді.



