Басты жаңалық
Семейде жаңа сауда орталығы салынуда

Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлының Семей қаласының нысандарын аралау бағдарламасы аясында «Shygys Mall» сауда және ойын-сауық орталығының дайындық барысы қаралды.
Аймақ басшысы нысан ішін аралап, ішкі әрлеу мен сауда павильондарының аяқталу деңгейімен танысты. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
Жоба бойынша екі қабатты орталықтың жалпы аумағы 9 345,5 шаршы метр. Мұнда 90 сауда орны мен жаңа жұмыс орындары қарастырылған.
1-қабатта супермаркет, ойын-сауық аймағы, қоғамдық тамақтану орындары және брендтік дүкендер орналаспақ. 2-қабатта әлеуметтік сауда алаңы жұмыс істейді.
Нысанды 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында іске қосу жоспарланған.



