Басты жаңалық
Діни тұрақтылық: өңір теологтары бас қосты

Абай облысының дін істері басқармасы Атырау облысынан арнайы шақырылған теолог мамандардың қатысуымен ақпараттық-насихаттық және оңалту жұмыстарын жетілдіру мәселелеріне арналған семинар өткізді.
«Деструктивті діни идеологияның алдын алу және теологиялық оңалту жұмыстарының тиімді әдістері» тақырыбындағы семинар барысында қатысушылар діни тұрақтылықты сақтау және қоғамда радикалды көзқарастардың таралуына жол бермеу жолдарын талқылады.
Шарада «Шапағат» қоғамдық қорының оңалту бөлімінің басшысы, теолог Сұлтангелді Сариев, сондай-ақ Перизат Еркінбай мен Малика Рустамқызы деструктивті діни және радикалды бағыттардың идеологиялары туралы кеңінен баяндап, олардың алдын алу тәсілдері мен оңалту жұмыстарының тиімді әдістерін таныстырды.


