Басты жаңалық

Үздік шопанға — автокөлік!

Биыл облыстың ауыл шаруашылығы тұрақты даму көрсетті. Он айда жалпы өнім көлемі 404,3 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,8 пайыз болды. Мал шаруашылығында 105,2 пайыз өсім тіркелді. Қайта өңдеу саласында жаңа зауыттар ашылып, 446 жаңа техника алынды. Салаға 15 млрд теңгеден астам субсидия мен жеңілдетілген несие берілді.

Семейде ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған «Алтын күз» салтанатты шарасы өтті. Шарада облыс әкімі Берік Уәли еңбек адамдарын құттықтап, саладағы жетістіктерді атап өтті.

Мерекеде еңбек озаттарына мемлекеттік және салалық марапаттар, алғыс хаттар табысталды. Биыл алғаш рет үздік мамандарға 10 автокөлік кілті берілді. Көліктер «Үздік шопан», «Үздік механизатор», «Үздік агроном» және басқа да номинациялар бойынша берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button