Басты жаңалық

Суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз

Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік мәселесі өзекті. Мамандар тұрғындарды қарапайым ережелерді сақтауға шақырады.

Қоршау белгілерінен асып жүзуге, тамақтан кейін бірден немесе мас күйде суға түсуге болмайды. Сондай-ақ бейтаныс жерлерде шомылу, көпірлер мен қайықтардан суға секіру қауіпті.

Тек рұқсат етілген орындарда шомылып, балаларды қараусыз қалдырмаған жөн. Құтқарушылар жалған көмек сигналдарын бермеуге және су көліктеріне жақын жүзбеуге кеңес береді.

Ал ресми жағажай иелері құтқару бекеттерін орнатып, алғашқы медициналық көмек көрсету орындарын дайындауы қажет. Сонымен қатар шомылу аймақтары арнайы белгілермен белгіленіп, қауіпсіздік туралы ақпараттық тақталар қойылуы тиіс.

Мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алатынын ескертеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button