Басты жаңалық

Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды

Республикалық референдумда дауыс беру процесін 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы бақылайды.

Референдум күні ел бойынша барлығы 10 402 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

Жаһандағы тұрақсыздыққа байланысты 10 елдегі дауыс беру учаскесі уақытша жабылды. Соған қарамастан, шетелдегі дауыс беру толық тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта 54 елде орналасқан 71 учаске жұмыс істейді.

Республикалық референдумда шетелде тұратын 14 230 Қазақстан азаматы өз таңдауын жасайды.

Қазіргі кезде дауыс беру парақтарын учаскелерге жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button