Басты жаңалық

Елде сауда өсімі баяулай бастады

Елде ішкі сауданың өсу қарқыны төмендеді. Биылғы қаңтар мен ақпан айларында бұл көрсеткіш 3,4 пайызды ғана құрады. Ал өткен жылдың осы кезеңінде өсім 6 пайыз болған.

Мұндай төмен деңгей соңғы рет 2021 жылы, коронавирус індеті кезінде тіркелген.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, көтерме сауда көлемі 3,8 пайызға артқан. Былтыр дәл осы уақытта өсім 6,6 пайыз болған.

Ал бөлшек сауда 2,6 пайызға ғана өскен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4,7 пайызды құраған.

Осылайша, елдегі сауда-саттықтың жалпы өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда баяулағаны байқалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button