Басты жаңалық
Абай облысында трассада жүк көлігі өртенді

Абай облысында Алматы – Өскемен автожолында жүк көлігі өртенді.
Төтенше жағдай туралы хабарлама облыстық 112 пультіне кеше күндіз түскен. Оқиға Алматы – Өскемен автожолының 660-шақырымында болған.
Оқиға орнына бірінші болып Үржар ауылы маңындағы ерікті өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жеткен. Олар полиция қызметкерлерімен бірге негізгі ТЖД күштері келгенге дейін өрттің таралуына жол бермей, жалынды тежеп тұрған.
Үйлесімді әрекеттердің арқасында өрт 16 шаршы метр аумақта сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.



