Назарбаев: Билік сабақтастығы ел тұрақтылығы үшін қажет

Референдумда дауыс бергеннен кейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты пікір білдірді.
Ол Мемлекет басшысы қызметінен жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске алып, бұл шешім елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және билік сабақтастығын сақтау мақсатында қабылданғанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше, әр буын ел тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс.
Уақыт тоқтамайды, буын алмасады. Біздің буын тәуелсіздікті жариялап, мемлекеттік шекараны бекітіп, елорданы салу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін. Енді Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның халықаралық беделін арттыру қажет, — деді ол.
Тұңғыш Президент қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтынын атап өтті.
Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Бүгінгі референдум да ел дамуы үшін маңызды. Осы Конституция Қазақстанның игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.



