Таза Қазақстан
Елімізде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды

Елімізде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында бұлақтарды тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы басталды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.
Алғашқы кезеңде ауа райы қолайлы өңірлерде, атап айтқанда Шымкент қаласында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жұмыстар жүргізілді. Акцияға бір мезгілде шамамен 3,8 мың адам қатысқан.
Іс-шара барысында бұлақ көздері ашылып, қалпына келтірілді. Сонымен қатар айналасындағы аумақтар тазартылып, абаттандырылды. Қоқыс шығарылып, көшеттер отырғызылды.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, акция еліміздің барлық өңірін кезең-кезеңімен қамтиды.



