Таза Қазақстан
Жағалау тазарып, көңіл де көтерілді

Бородулиха ауданында, Шүлбі ГЭС жағалауында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті.

80-нен астам адам жиналып, жағалауды қоқыстан тазалады. Пластик, бөтелке, тұрмыстық қалдықтар жиналды.

Нәтижесінде 100-ден астам қап қоқыс шығарылды. Жағалау айтарлықтай тазарды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек табиғатты қорғап қана қоймай, қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.



