Басты жаңалық
Әскер «онлайнға» шықты

Қазақстанда әскердегі тәртіпке өзгеріс енгізілді. Енді сарбаздар, курсанттар мен кадеттер ұялы телефон қолдана алады.
Жаңа ережеге сай, олар телефонды казармаға дейін өшірулі күйде алып келіп, алып шығады. Бөлімше аумағында және әскери медициналық мекемелерде қолдануға рұқсат бар. Бірақ пайдалану уақыты командирлердің бақылауында болады.
Бұған дейін тек батырмалы телефондар шектеулі уақытқа ғана рұқсат етілетін.
Бұл өзгеріс сарбаздардың тұрмысын жеңілдетіп, жақындарымен жиі байланыста болуына мүмкіндік береді.



