Басты жаңалық
Қаңғыбас иттер қаптады

Қазақстанда қаңғыбас иттер мәселесі өзекті болып тұр. Ел бойынша күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады. Көбіне әйелдер мен балалар зардап шегеді.
Былтыр 42 мыңға жуық адамды бұралқы ит талап, олардың басым бөлігі жарақат алып, ем алған.
Осыған байланысты депутаттар заңға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Жаңа шаралар халықтың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, иесіз иттерді ұстау мен панажайларда күтіп-бағуға бөлінетін қаржы да өсіп келеді:
2022 жылы – 1,2 млрд теңге,
2025 жылы – 3 млрд теңге.



